Интер – РБ Лейпциг: 2024 жылдың 27 қарашасында өтетін матчқа болжам
Чемпиондар лигасының 5-турында “РБ Лейпциг” сырт алаңда “Интермен” кездеседі. Матч “Джузеппе Меацца” стадионында өтеді.
Командалардың Чемпиондар лигасындағы маусымдық бастамасы мүлде әртүрлі болғандықтан, бұл кездесудің фавориті айқын көрінеді.
“Интер” – “РБ Лейпциг”: негізгі статистика мен трендтер
• “Интер” қатарынан 11 матчта жеңілген жоқ.
• “РБ Лейпциг” соңғы 4 ойында жеңіске жетпеген.
“Интер” – команданың жағдайын талдау
Симоне Индзаги шәкірттері әлемнің ең мықты командаларының бірі болып қала береді, бірақ әзірге А сериясының турнир кестесінде көш бастай алмай келеді – 28 ұпаймен 13 ойыннан кейін 3-орында тұр. Маусымда “Интер” тек бір рет жеңілген – Италия чемпионаты аясында миландық дербиде.
Чемпиондар лигасындағы нәтижелері өте жақсы: “Манчестер Сити” (0:0), “Црвена Звезда” (4:0), “Янг Бойз” (1:0) және “Арсеналмен” (1:0) ойындардан кейін 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде 5-орында тұр.
Өткен демалыс күндері миландық команда “Верона” командасын 5:0 есебімен талқандады, барлық голдарды бірінші таймда соқты.
“РБ Лейпциг” – команданың жағдайын талдау
Марко Розе басқаратын команда Бундеслигада сенімді бастама жасағанымен, кейін құлдырау кезеңін бастан өткерді. 11 ойыннан кейін 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орында тұр, бірақ көшбасшыдан 8 ұпайға қалып келеді.
Ішкі чемпионаттағы жағдайды қанағаттанарлық деуге болады, алайда Чемпиондар лигасындағы көрсеткіштері көңіл көншітпейді. “Атлетико” (1:2), “Ювентус” (2:3), “Ливерпуль” (0:1) және “Селтикке” (1:3) қарсы матчтардан кейін нөл ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы, 32-орында тұр.
Соңғы ойында “Хоффенхайммен” матчта жеңіс мүмкіндігін жіберіп алды – 81-минутта 3:2 есебімен алда болғанымен, 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
“Интер”: команда жаңалықтары
Командада маңызды ойыншылардың жарақаты аз. Команда көшбасшысы Хакан Чалханоглу жарақат алып, бұл матчқа қатыспайды. Ачерби соңғы матчта жарақат алғанымен, оның жағдайы әлі нақтыланбады.
“РБ Лейпциг”: команда жаңалықтары
“Лейцпиг” құрамындағы жағдай өте нашар. Дэвид Раум, Ксавьер Шлягер, Хави Симонс, Эль Битшиабу, Элиф Элмас және Юссуф Поульсен жарақат алған ойыншылар қатарында.
“Интер” – “РБ Лейпциг”: болжамды негізгі құрамдар
“Интер” (болжалды құрамы): Зоммер – Биссек, де Врей, Павар – Дармиан, Зелиньски, Чалханоглу, Фраттези, Думфрис – Мартинес, Тареми.
“РБ Лейпциг” (болжалды құрамы): Гулачи – Хенрихс, Битшиабу, Орбан, Гертрюйда – Нуса, Кампль, Айдара, Баумгартнер – Опенда, Шешко.
“Интер” – “РБ Лейпциг”: жеке кездесулер
Бұл матч командалар арасындағы алғашқы ресми кездесу болмақ.
Матчқа болжам
Командалар жиі гол соғады, ал “РБ Лейпциг” Чемпиондар лигасында өте көп гол жіберіп жүр. Екі команда да шабуылда белсенді ойнайтынын ескере отырып,"екі команда да гол соғады" ұтысына 1.74 коэффициентімен бәс тігуді ұсынамыз. Бұл нәтиженің жүзеге асу мүмкіндігі өте жоғары.
1.54
Англия Премьер-Лигасы
27 жел 2024, 14:30
1.88
Бельгия про-лигасы
27 жел 2024, 14:45
1.99
Португалия Примейра-лигасы
27 жел 2024, 15:15
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар | 24 | 29 |
10 | Женіс | 24 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |