Флуминенсе – Гремио: Копа Либертадорес 1/8 финалына болжам, 20 тамыз 2024
Сейсенбі, 20 тамызда, Копа Либертадорес 2024 1/8 финалының қарымта матчы өтеді. Бразилиялық Рио-де-Жанейро "Флуминенсесі" мен Порту-Алегри "Гремиосы" кездеседі. Алғашқы кездесуде "Гремио" 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Флуминенсе – сараптама
"Гремиомен" өткен ойынды есептеиегенде "Флуминенсе" соңғы өткен 4 ойынның біреуін ғана, 4 тамыз күні "Байиді" жеңді. Қалған үшін ойынның екеуін үйде тең өткізсе, біреуін қонақта өткізіп "Васка да Гаммаадан" 0:2 есебімен жеңілді. Үйде өткізген екі ойынның біреуін "Коринтиансқа" қарсы өткізіп, 0:0 тіркелсе, екінші ойында "Жувентудемен" 2:2 болды.
Гремио – сараптама
Олар соңғы өткізген 4 ойынның екеуінде жеңіске жетті – қонақта "Куритибаны" 3:1 және "Атлетико Паранаэнсені" 2:0 есебімен жеңді. Бразилия кубогында "Коринтиансқа" пенальти сериясында есе жіберді, сондай-ақ қонақта "Байи" командасынан 0:2 есебімен жеңілді.
Флуминенсе – жаңалықтары
Клубта жарақат алған ойыншылар аз емес. Олар тәжірибелі қорғаушылары Марсело де Силва мен Диего Барбоса, жас тірек қорғаушы Матеус Мартинелли, орталық жартылай қорғаушы Густаву Нунату, оң қапта вингері Маркиньюс Менкар және орталық шабуылшылары Бебе Женезиу мен Херман Кано. Соңғысы өткен маусымда клубтың үздік сұрмергені атанған еді, ал осы маусымда 28 матчта 5 ғана гол соқты.
Гремио – жаңалықтары
Рио-де-Жанейролықтарға "Гремио" сапында жарақат алған ойыншылар аз, үшеу ғана. Олар – сол жақ қорғаушысы Майк Феррейра, оң жақ вингері Жонато Роберт да Силва және орталық шабуылшы Андре Энрике Мартинс. Соңғы екеуі көптен бері жарақатта жатса, Майк тамыз басында ғана жарақат алып қалды. Онда да ол қосалқы құрам ойыншысы.
Жеке кездесулер
"Флуминенсе" "Гремионы" соңғы рет 2019 жылы 29 қыркүйекте Бразилия чемпионатында жеңген болатын. Содан бері "Гремио" қатарынан 8 рет қарсыластарын жеңіп келеді. Тең нәтиже көп тіркеле бермейді. 2001 жылдан бері команлар 5 рет қана тең ойнаған. Соңғы рет 2015 жылы 1 қазанда Бразилия кубогында тең тарқасты.
Алаңға шығуы мүмкін негізгі құрамдар
Флуминенсе: Фабиу, Шавьер, Силва, Сантус, Эскердинья, Андре, Матинелли, Ариас, Гансу, Кену, Кеннеди.
Гремиу: Марчесин, Педру, Мартинс, Жемерсон, Рейналду, Вильясанти, Доди, Павон, Кристальдо, Сотельдо, Брэйтуэйт.
Флуминенсе–Гремио матчына тегін болжам
Бразилиялық командалардың кездесуінде барлығы да болуы мүмкін. Бұл ойынның фавориті "Гремио" көрінеді, бірақ "Флуминенсе" барлық келеңсіздіктерге қарамастан жеңіске жетіп, Копа Либертадорес ширек финалына шығып кетуі мүмкін.
1.55
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 09:00
1.73
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 09:00
1.6
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 09:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар | 24 | 29 |
10 | Женіс | 24 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |