Елімай - Тобыл: 2024 жылдың 15 қыркүйегінде өтетін матчқа болжам
Жексенбі, 15 қыркүйек күні, Қазақстан Премьер-лигасының 20-шы туры аясында кездесу өтеді, онда семейлік “Елімай” қостанайлық “Тобылды” қабылдайды. Алаң иелері турнирлік кестеде үшінші орында тұрса, қонақтар алтыншы орынға жайғасқан.
Елімай - формасын талдау
Семейлік команда Премьер-лигада соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетті, оның ішінде үш ойынды өз алаңында, бір ойынды сырт алаңда өткізді. Тек Алматыда “Қайраттан” жеңілді. Ал одан бұрынғы бес ойында “Елімай”үш рет тең түсіп, бір жеңіске жетіп, бір рет жеңілген болатын.
Тобыл - формасын талдау
Қостанайлықтар соңғы бес матчта екі жеңіс, екі тең ойын және бір жеңіліс тіркеді.
Жаңалықтар - Елімай
Алаң иелері қатарында екі ойыншы жарақат алған: орталық қорғаушы Сұлтан Әбілғазы және сол қорғаушы Нұрсұлтан Советқазы.
Жаңалықтар - Тобыл
Қостанайлықтар сапында сол жақ жартылай қорғаушы Руслан Валиуллин әлі де жарақатынан айықпаған, бірақ қалған ойыншылардың барлығы дайын.
Жеке кездесулер
“Тобыл” мен “Елімай” алғаш рет биылғы наурызда кездесті. Сол кезде “Тобыл” өз алаңында 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Алаңға шығуы мүмкін негізгі құрамдар
Елімай: Коваль - Одеоибо, Пенчиков, Габышев, Рейес, Яшин - Дарабаев, Шина, Майком, Корзун - Машуков.
Тобыл: Покатилов - Асранқұлов, Ндиайе, Габараев, Миладинович - Эссьен, Эль-Мессауди, Иванович, Чесноков, Мосиашвили - Кошта.
Елімай - Тобыл матчына тегін болжам
“Елімай” қазіргі уақытта жақсы формада және бұл матчта жеңіске жетуі мүмкін, әсіресе өз алаңында ойнайтынын ескерсек. Дегенмен, семейліктерге бұл ойын оңай болмайды.
1.86
Конференция лигасы
Бүгін, 10:30
1.87
Еуропа Лигасы
Бүгін, 12:45
1.54
Еуропа Лигасы
Бүгін, 12:45
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |