Челси – Серветт: 22 тамызда өтетін матчқа болжам
Бейсенбі, 22 тамызда, Конференция лигасының плей-офф сатысының бірінші матчы өтеді. Ағылшындық Челсимен швейцариялық Серветт командалары кездеседі.
Челси – сараптама
"Көктер" соңғы бес ойынның біреуінде ғана, мексикалық "Америконы" жолдастық кездесуде жеңді. Бұдан бөлек үш жеңіліс, бір тең нәтиже тіркеді. Онда да жеңілістің біреуі ресми матчта, Премьер-лиганың алғашқы турында 0:2 есебімен Манчестер Ситиден жеңілді.
Серветт – сараптама
Швейцариялықтар соңғы бес ойынның біреуінде ғана, Швейцария кубогының 1/32 финалында Бернді 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Женевалық клуб Швейцария суперлигасында екі рет жеңіліп, Еуропа лигасының іріктеу сатысында португалиялық "Брагамен" бір рет тең ойнап, бір жеңілген болатын. Женевалықтар суперлигадағы екі ойынында масқара болып жеңілді. Луганодан 1:3 және Базелден 0:6 болып жеңілген еді.
Челси – клуб жаңалықтары
Челсиде команда капитаны, сол қаптал қорытындысы Рис Джеймс пен шабуылшы Николас Джексон жарақатта. Екеуі де маусым алдындағы дайындық кезінде белгісіз мерзімге қатардан шығып қалған еді.
Одан бөлек команда бапкері Энцо Мареска ойынға баратын ойыншылар қатарына сол қаптал вингері Рахим Стерлингті, орталық қорғаушылар Уэсли Фофана мен Томин Адарабиойоны, және сол қаптал қорғаушысы Бен Чилиэлді қоспапты.
Серветт – клуб жаңалықтары
Серветт құрамында бір ғана ойыншы, шабуылшы Виктори Бениангба ғана жарақатта. Бұл шабуылшы 2023/24 маусымда Суперлигада 25 матчқа қатысып 12 гол соғып, бір голдық пас берген.
Өзара кездесулер статистикасы
Челси мен Серветт бірінші рет кездеспекші.
"Көктер" швейцариялық клубтарға қарсы үш кездесу өткізген, бір рет Санкт-Галленмен, екі рет Базелмен. 6 матчтың үшеуін жеңіп, үшеуінде жеңілген.
Серветт болса 70-ші жылдары екі мәрте ағылшындық Дерби Коунти және Ливерпульмен кездескен. Төрт матчтың біреуін жеңіп, үшеуінде жеңілген.
Челси – Серветт: алаңға шығуы мүмкін негізгі құрамдар
Челси: Йоргенсен, Жюсто, Бадьяшиль, Вейга, Кукурелья, Фернандес, Лавиа, Палмер, Дьюсбери-Холл, Нету, Гую.
Серветт: Фрик, Цунемото, Руйе, Северен, Мазику, Дулен, Ондуа, Стеванович, Антунес, Кутеса, Кривелли.
Челси – Серветт матчына тегін болжам
Челси бұл ойында сөзсіз фаворит. Бірақ екі клубта маусымды сәтсіз бастады. Челси маусым алдындағы жолдастық кездесулерде сәтсіз өнер көрсетті. Сонымен қатар клубқа жаңа бапкер мен ойыншылар келді. Бұның барлығы Серветт үшін жақсы болуы мүмкін.
1.88
Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 15:00
1.51
Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 15:00
1.51
Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 15:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |