Байер – Бохум: 2025 жылдың 29 наурызындағы матчқа болжам







Бундеслиганың 27-турында “Байер” өз алаңында “Бохумды” қабылдайды. Кездесу “БайАрена” стадионында өтеді.
Бір команда – чемпиондыққа, екіншісі – тек Бундеслигада қалуға таласып жатыр.
“Байер” – “Бохум”: негізгі статистика мен трендтер
• “Байер” қатарынан 5 матчта гол жіберіп жатыр
• “Бохум” сырт алаңда соңғы 3 ойында жеңілген жоқ
“Байер” – команда жағдайын талдау
Хаби Алонсо баптайтын команда тұрақты нәтиже көрсетіп келеді, бірақ соған қарамастан көш бастап келе жатқан “Баварияға” жақындай алмай отыр. Қазіргі таңда “Байер” 26 турдан кейін 56 ұпай жинап, Бундеслига турнирлік кестесінде 2-орында тұр. Бірінші орындағы мюнхендік клубтан 6 ұпай артта келеді.
Ұлттық құрамалар үзілісінің алдында “Байер” “Штутгартқа” қарсы сырт алаңда керемет камбэк жасады – 4:3. Жеңісті голдар 88 және 90+4 минуттарда соғылды.
“Бохум” – команда жағдайын талдау
Дитер Хекингтің шәкірттері Бундеслигада қалу үшін барын салып жатыр. Қазіргі уақытта “Бохум” 26 турдан кейін 20 ұпай жинап, 16-орында – бұл өтпелі матч аймағы.
Соңғы турда “Бохум” өз алаңында “Айнтрахттан” 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
“Байер” – “Бохум”: болжамды құрамдар
“Байер”: Градецки – Инкапиэ, Та, Мукиеле – Гримальдо, Гарсия, Паласиос, Джака, Андрих, Фримпонг – Шик
“Бохум”: Хорн – Ордец, Медич, Эрманн – Виттек, Сиссоко, Пасслак, Краусс, Беро – Масурас, Хофманн
“Байер” – “Бохум”: жеке кездесулер
Екі команда бұған дейін 70 рет кездесті. Олардың ішінде “Байер” 33 рет жеңіске жетсе, “Бохумда” 22 жеңіс. Тағы бір назар аударарлық жайт – бұл қос ұжым арасындағы соңғы 7 матчтың 6-ында “Екеуі де гол соғады” бәсі шықпады.
Матчқа болжам
Леверкузендік клубтың қорғанысы мінсіз деп айту қиын. Сондықтан “Бохумның” гол соғуға мүмкіндігі бар. “Екі команда да гол соғады” бәсін ұсынамыз. Коэффициент – 1.99.

1.71

А Сериясы Италия
Бүгін, 14:45
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
7 | 17 |
2 |
![]() |
6 | 14 |
3 |
![]() |
6 | 13 |
4 |
![]() |
6 | 13 |
5 |
![]() |
6 | 11 |
6 |
![]() |
6 | 8 |
7 |
![]() |
6 | 8 |
8 |
![]() |
6 | 8 |
9 |
![]() |
6 | 7 |
10 |
![]() |
6 | 5 |
11 |
![]() |
6 | 3 |
12 |
![]() |
6 | 3 |
13 |
![]() |
7 | 3 |
14 |
![]() |
6 | 2 |

