locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақтөбе - Елімай: 2024 жылдың 31 тамызындағы матчқа болжам

Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Матчқа болжам Актобе Спартак Семей
Актобе
Актобе
Матч болжамы
Тотал аз
1xBet
Коэф.
1.82
Бәс тігу

31 тамыз, сенбі күні Қазақстан Премьер-Лигасының 19-туры аясында “Ақтөбе” өз алаңында “Елімайды” қабылдайды. Командалардың турнирлік кестедегі мақсаттары әртүрлі: “Елімай” еурокубоктық ойындарға ілігуді жоспарлап отыр, ал сәті түссе, чемпион болу үшін де күресуді жоспарлауда. Ал “Ақтөбенің”бір ғана мақсаты бар - чемпион болу. Қазіргі таңда командалар турнирлік кестеде 2-ші (“Ақтөбе”) және 4-ші (“Елімай”) орындарды иеленіп отыр.

Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

“Ақтөбе” - “Елімай”: негізгі статистика:

  1. 17 тур барысында “Ақтөбе” 28 гол соқса, “Елімай” 27 гол соққан.
  2. “Ақтөбе” 17 тур барысында “Елімайға” қарағанда қақпасына аз гол жіберіп алды. “Ақтөбе” өз қақпасына 16 гол соқтырып алса, “Елімай” 21 гол соқтырып алды.
  3. Командалар орташа есеппен бір ойында 1,6 гол соғады.
  4. “Елімай” 17 турда 5 рет қақпасын құрғақ ұстады, ал “Ақтөбе” 6 рет .
  5. “Ақтөбе” орташа есеппен бір ойында 0,9 гол, ал “Елімай” 1,2 гол жіберіп алды.

“Ақтөбе” - формасын талдау:

Дмитрий Парфеновтың шәкірттері соңғы үш турда тек тең ойындар өткізбі. Командаға матчты жеңіспен аяқтайтын соңғы шешуші соққы жетіспейтіндей көрінеді.

Жеке статистика “Ақтөбенің”пайдасына жүрмейді. Көбінесе командалардың нәтижелері теңдей болып келеді.

“Ақтөбенің” тактикасы қорғанысқа негізделген, 4-2-3-1 жүйесі, мұнда екі тіреуші арқасында команда қорғаныста өте тәртіпті ойын көрсетеді. Олар орташа қорғаныс шебінде прессинг жасап, нәтижеге қол жеткізеді.

“Елімайға” қарсы матч чемпиондық үшін күресті жалғастыру үшін маңызды.

“Елімай” - формасын талдау:

“Елімай” чемпиондық жарыстан қалыс қалмайды. Команданы бірінші орыннан небәрі 4 ұпай бөліп тұр. Соңғы екі ойында Андрей Карповичтің шәкірттері екі рет жеңіске жетті. Сонымен қатар, Қазақстан кубогының жартылай финалына шығып, “Астанамен” келесі кезең үшін күресетін болады.

Команда 4-3-3 жүйесі бойынша ойнайды, жылдам қаптал шабуылшыларв мен орталық жартылай қорғанысқа сенім артады.

“Елімай” көшбасшылар қатарынан қалысқысы келмейді, сондықтан мұндай қиын матчта оларға да ұпай жинау өте маңызды.

“Ақтөбе”, команда жаңалықтары:

Барлық ойыншылар матчқа дайын.

“Елімай”, команда жаңалықтары:

Клуб ойыншыларының барлығы сенбі күнгі матчқа дайын.

“Ақтөбе” - “Елімай”: мүмкін болатын бастапқы құрамдар:

“Ақтөбе” (мүмкін құрам): Шацкий - Танжариков, Касим, Кики, Ватайелу - Агбо, Струмия - Гондола, Севальос, Жан - Ромеро

“Елімай” (мүмкін құрам): Коваль - Пенчиков, Одейобо, Яшин, Шомко - Дарабаев, Дэвид, Корзун - Рейес, Машуков, Корнетт

“Ақтөбе” - “Елімай”: жеке кездесулер:

Командалар өзара 4 рет кездескен: қос клуб өз пайдасына 1 реттен жеңіске жетсе, өзара 2 рет тең нәтиже тіркеген. Клубтар Қазақстан Кубогынде екі рет кездесіп, жеңістермен алмасты.

“Ақтөбе” - “Елімай” матчқа тегін болжам:

Екі команда үшін тең нәтиже қолайлы емес, сондықтан олар жеңіс үшін ойнайды, бірақ қорғанысты да ұмытпайды. 2 голдан аз тоталға бәс тігуді ұсынамын(коэффициент 1,82).

Турнирлер статистикасы
Соңғы жаңалықтар
Барлық жаңалықтар