locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Астон Вилла – ПСЖ: 2025 жылдың 16 сәуіріндегі матчқа болжам

Чемпиондар Лигасы
15 сәу 2025, 15:00 Аяқталды
Астон Вилла
Астон Вилла
3 : 2
ПСЖ
ПСЖ
Халықаралық, Birmingham, Вилла Парк
Шолу Матчтың егжей-тегжейі Құрамдар H2H Турнир торабы Бәстер Болжам
Самат Закирин
Самат Закирин
Сарапшы
Матчқа болжам Астон Вилла ПСЖ
Астон Вилла – ПСЖ: 2025 жылдың 16 сәуіріндегі матчқа болжам
Астон Вилла
Астон Вилла
Матч болжамы
Астон Вилла жеңілмейді
Коэф.
1.74
Бәс тігу

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы жауапты матчта ПСЖ сырт алаңда «Астон Вилла» командасына келеді. Кездесу «Вилла Парк» стадионында өтеді.

Бірінші ойында париждіктер жақсы басымдыққа ие болды, дегенмен қарымтада күтпеген камбэк болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

«Астон Вилла» – ПСЖ: негізгі статистика мен трендтер

• «Астон Вилла» қатарынан 14 матчта гол соқты
• «Вилла» соңғы рет өз алаңында 2024 жылдың қазанында ұтылды
• ПСЖ қатарынан 7 кездесуде жеңіске жетіп келеді
• Париждіктер сырт алаңдағы матчтарда 2024 жылдың қарашасынан бері жеңілген жоқ

«Астон Вилла» – команда жағдайын талдау:

Унаи Эмеридің шәкірттері өткен аптада ПСЖ-ге жеңілсе де, ішкі аренада екі жағымды жаңалықпен қуанды. Алдымен «Арсеналдың» «Реал» командасын жеңуі Англияға келесі маусымда Чемпиондар лигасына бесінші жолдаманы алып келді - бұл «вилланардың» турнирге қатысу мүмкіндігін арттырды. Ал кейін «Вилла» өз күшімен де жақындап қалды, олар сырт алаңда «Саутгемптонды» 3:0 есебімен жеңді.

АПЛ турнирлік кестесінде команда 32 матчтан кейін 54 ұпаймен 7-орында тұр және үздік бестікке небәрі 1 ұпай жетпейді.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Астон Вилла» 8 матчта 16 ұпай жинады. Қарсыластары: «Янг Бойз» (3:0), «Бавария» (1:0), «Болонья» (2:0), «Брюгге» (0:1), «Ювентус» (0:0), «РБ Лейпциг» (3:2), «Монако» (0:1) және «Селтик» (4:2). Жалпы есепте 8-орын иеленді. 1/8 финалда «Астон Вилла» «Брюггені» 6:1 есебімен жарыстан шығарды.

ПСЖ – команда жағдайын талдау:

Париждік клуб үшін бұл маусымда басты мақсат - Чемпиондар лигасын жеңу. Өйткені Франция чемпионатында бәрі шешілді: ПСЖ кезекті рет мерзімінен бұрын чемпион атанды – 28 матчта 74 ұпай.

Сондай-ақ мамыр айының соңында команда Франция кубогының финалында ойнайды, алайда бұл матч париждіктер үшін аса маңызды болмауы мүмкін.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ПСЖ 8 матчтан 13 ұпай жинады. Қарсыластары: «Жирона» (1:0), «Арсенал» (0:2), «ПСВ» (1:1), «Атлетико» (1:2), «Бавария» (0:1), «РБ Зальцбург» (3:0), «Ман Сити» (4:2) және «Штутгарт» (4:1). Жалпы есепте 15-орынға тұрақтады. 1/16 финалда ПСЖ «Бресті» 10:0 есебімен жарыстан шығарса, 1/8 финалда «Ливерпульді» пенальти сериясында (1:1, пенальти – 4:1) жеңіп, келесі кезеңге өтті.

«Астон Вилла»: команда жаңалықтары

«Астон Вилла» сапында бұл турнирге тіркелмеген үш ойыншы - Андрес Гарсия, Джамалдина Джимо-Алоба және Дониэлл Мален алаңға шықпайды. Леон Бэйлидің де қатысуы әзірге белгісіз.

ПСЖ: команда жаңалықтары

Париждік ұжымда кадрлық мәселелер жоқ.

«Астон Вилла» – ПСЖ: болжамды құрамдар

Астон Вилла: Мартинес – Матсен, Торрес, Конса, Кэш – Тилеманс, Асенсио, Макгинн, Роджерс, Рэшфорд – Уоткинс

ПСЖ: Доннарумма – Ернандес, Пачо, Маркиньос, Хакими – Жоау Невеш, Витинья, Руис – Барколя, Дембеле, Хвича

«Астон Вилла» – ПСЖ: жеке кездесулер

Қазіргі маусымдағы ширек финалдың алғашқы кездесуі – бұл екі ұжымның тарихындағы алғашқы ресми ойыны болды. Парижде өткен матчта ПСЖ 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Матчқа болжам

Қос кездесудің жалпы нәтижесі қандай болатынын болжау қиын. Бірақ бұл ойында «Астон Вилла» өз алаңында жеңілмейді деген бәс тігуді ұсынамыз. Коэффициент – 1.74.

Турнирлер статистикасы
Команда О Ұ
1 Логотип Кайрат Кайрат 10 26
2 Логотип Актобе Актобе 8 19
3 Логотип Астана Астана 9 18
4 Логотип Тобыл Тобыл 8 17
5 Логотип Окжетпес Окжетпес 8 14
6 Логотип Ордабасы Ордабасы 8 14
7 Логотип Елімай Елімай 8 13
8 Логотип Туран Туран 8 11
9 Логотип Кызылжар Кызылжар 8 11
10 Логотип Женіс Женіс 9 5
11 Логотип Жетісу Жетісу 8 4
12 Логотип Кайсар Кайсар 8 4
13 Логотип Атырау Атырау 10 3
14 Логотип Улытау Улытау 8 2
Толық кесте
Соңғы жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie