Астана – Шахтер: 2024 жылы 16 қазанда өтетін матчқа болжам
Сәрсенбі, 16 қазанда, Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында елордалық “Астана” қарағандылық “Шахтерді” қабылдайды. “Астана” турнирлік кестеде бесінші орында тұр, ал “Шахтер” соңғы, 13-орында орналасқан.
Астана - команданың жағдайын талдау
Премьер-лигада өткен соңғы бес матчтың төртеуінде астаналықтар жеңіске жетіп, бір ойында тең ойнады.
Шахтер - команданың жағдайын талдау
“Шахтер” соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіліп, біреуінде тең түсті . Қарағандылықтар соңғы рет шілде айының басында өз алаңында талдықорғандық “Жетісуды” жеңген болатын.
Командалар жаңалықтары
Екі команда да матчқа толық құрамда, кадрлық шығынсыз келеді – барлық ойыншылар сау және матчқа дайын.
Жеке кездесулер
Соңғы 5 матчта “Астана” 3 рет жеңіске жетті, 1 рет тең ойнап, 1 рет “Шахтер” жеңіске жетті.
Алаңға шығуы мүмкін негізгі құрамдар
Астана: Чондрич – Бартолец, Кажуколовас, Вороговский, Марочкин, Аманович – Эбонг, Томасов, Грипши – Чинеду, Камара.
Шахтер: Цуприков – Рыжук, Стаменкович, Адамс, Кампо – Лисакович, Илич, Каньяс – Абдула, Козлов, Джокич.
Астана – Шахтер матчының тегін болжамы
Әдетте “Астана” бұл матчта қиындықсыз жеңуі керек, бірақ Қарағандыдағы матч көрсеткендей, “Шахтер” елордалық команда үшін күтпеген тосынсый жасай алатын команда.
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |