Астана – Қызылжар: 2024 жылғы 14 қыркүйекте өтетін матчқа болжам
Қазақстан чемпионаты көрермендерге қайта оралады. Халықаралық ойындарға арналған үзіліс турнирдің финалдық бөлігіне қызығушылықты одан әрі арттыра түсті. 20-турда Конференция лигасының өкілі "Астана" өз алаңында "Қызылжарды" қабылдайды.
Чемпионаттың аяқталуына 8 тур қалды, "Астананың" мақсаты – алғашқы үштікке ілігу, ал "Қызылжар" болса, төменнгі лигаға ұшып кету аймағынан алыстай түсуі қажет.
Астана – Қызылжар: негізгі статистика мен трендтер
- "Астана" өз алаңында қатарынан бес матчта жеңіске жетті.
- "Қызылжар" сырт алаңда "Астанаға" барлық матчтарда жеңіліп келеді.
- "Қызылжардың" бес матчтың үшеуі 2.5 голдан көп есеппен аяқталды.
Астана – формасын талдау:
Қазіргі кезде алаң иелері бақыттың сегізінші қабатында жүр. Олардан асқан бақытты команда жоқ: алдымен Конференция лигасының негізгі кезеңіне мінезбен өтті, содан кейін чемпиондыққа басты үміткерді жеңіп кетті. Мұндай көңіл-күймен жеңісті жолды жалғастыра беруге болады.
Маусым барысында команданы қиын жол күтті. "Астана" екі турнирде де өзін барынша көрсетуге тырысты, бірақ жұрт айтпақшы, екі орындыққа бірден отыру оңай емес. Футболшылар Еурокубоктарға іріктеуге моральдық тұрғыда дайындалып жатқан кезде, Қазақстан чемпионатындағы нәтижелері тым көңілсіз болды. Астаналық клуб бес матчта жеңіліп, турнир кестесінің ортасына дейін төмендеп кетті. Клуб басшылығы мен жанкүйерлер тарапынан қысым шарықтау шегіне жетті, әсіресе, норвегиялық "Браннға" қарсы алғашқы іріктеу матчында жеңілгеннен кейін.
Маусым енді қалпына келмейді деп ойлаған сәтте бәрі басқаша болды. "Астана" "Браннды" 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, Конференция лигасына өтті. Осы арманына сенген команда келесі матчта "Қайратты" 1:0 есебімен жеңді. Енді көшбасшылық туралы ойлар шындыққа айналуы мүмкін. Егер клуб барлық кейінге қалдырылған матчтарда жеңіске жетсе, бірінші орынға көтеріледі.
Футболда бәрі болады, бастысы - еңсені түсірмеу және жұмысты жалғастыру. "Астана" қиындықтарға мойыған жоқ, нәтижесінде еңбегінің жемісін көретін уақыт келді.
Қызылжар – формасын талдау:
Қарсыласымен салыстырғанда, "Қызылжар" ұзақ клубтық тарихқа ие. Алайда, клубтағы оқиғалар соншалықты қуанышты әрі чемпиондық болған жоқ. Соңғы бірнеше жылда команда қайта ұйымдастыру кезеңін бастан өткерді, ұзақ уақыт төменгі лигада болды және қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келді. Осы оқиғалар аясында тағы бір фактор назар аудартады – клуб тарихында бірде-бір жүлде жоқ.
Өткен маусымдағыдай, команда турнир кестесінің ортасынан төмен орын алып отыр. Ойыншылардың назары тек ұшып кетпеуге бағытталған, себебі жиі жеңілістер клубты төменгі орынға түсіріп жіберуі мүмкін. Соңғы екі айда "Қызылжар" тек 2 рет жеңіске жетті, бұл команданың деңгейін көрсетеді. Көп жағдайда команда қарсыластарынан ұтылып жүр. Соңғы мысал ретінде петропавлдық клубтың "Елімайға" 1:2 есебімен жеңілуін айтуға болады.
Астаналық клуб – оңай қарсылас емес. Дегенмен, "Қызылжарға" жоғалтар ештеңе жоқ, сондықтан келесі маусымда Премьер-лигада қалуды қамтамасыз ету үшін нәтиже көрсетуі қажет.
Астана: команда жаңалықтары
Астаналық клуб 100% дайын, құрамада ешқандай мәселе жоқ.
Қызылжар: команданың жаңалықтары
Клуб өз мәселелері немесе олардың жоқтығы туралы хабарлаған жоқ. Сондықтан негізгі футболшылардың бәрі ойынға келіп қатысады деп есептейміз.
Астана – Қызылжар: мүмкін құрам
Астана (мүмкін құрам): Чондрин – Быстров, Калаица, Казуколовас, Бартолец – Аманович, Грипши, Эбонг – Камара, Джеффри, Томасов.
Қызылжар (мүмкін құрам): Петров – Сорокинс, Нижич, Жақсыбаев – Бушман, Йованчич, Сабино, Саулет – Имнадзе, Щебетун, Брижиду.
Астана – Қызылжар: алдыңғы матчтар
Командалар футбол алаңдарында сирек кездесті, бұған екі себеп бар. Біріншіден, "Астана" 2009 жылы құрылды, екіншіден, "Қызылжар" ұзақ уақыт жоғарғы лигада болмады. Нәтижесінде, барлық турнирлерде клубтар 13 матч өткізді. Статистика астаналық команданың толық басымдығын көрсетеді. "Астана" 11 рет жеңіске жеткен, қалған екі ойында "Қызылжар" жеңді.
Соңғы матч осы маусымның 12-турында өтті. Елордалық команда сырт алаңда қарсыласын минималды есеппен жеңді – 1:0.
Қызықты факт: “Астана” сапында Абат Айымбетов пен Марин Томасов "Қызылжар" қақпасына ең көп гол салған ойыншылар. Екі футболшының еншісінде 3 голдан бар.
Матчқа болжам
"Астана" үшін "Қызылжар" – жағымсыз қарсылас. Соңғы уақытта қонақтар астаналық командаға үлкен қиындықтар туғызып, жеңіске оңай жетуге мүмкіндік бермей жүр. Алайда, алаң иелерінің қарқыны жақсы. "Астана" үшін әрбір матч финал секілді. Оның үстіне, команда өз алаңында ойнайды және жанкүйерлер жақсы нәтижеге жігерлендіретін болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, менің ойымша, "Астана" "Қызылжарды" (-1.5) форамен жеңеді – коэффициент 1.99.
1.86
Конференция лигасы
12 жел 2024, 10:30
1.54
Еуропа Лигасы
12 жел 2024, 12:45
1.68
Еуропа Лигасы
12 жел 2024, 15:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |