Арсенал – Ювентус: 2024 жылдың 22 қарашасындағы матчқа болжам
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 4-турында “Ювентус” сырт алаңда “Арсеналмен” кездеседі. Ойын Лондондағы “Эмирейтс Стэдиум” стадионында өтеді.
Екі команда да топтық кезеңнің 2-орыны үшін таласады, сондықтан бұл матч өте қызықты болғалы тұр.
Арсенал – Ювентус: негізгі статистика және трендтер
• “Арсенал” қатарынан 6 матчта жеңіліссіз келеді.
• “Ювентус” соңғы екі ойында жеңіске жете алмады.
Арсенал: команданың жағдайын талдау
“Арсенал” қазіргі таңда Англия Суперлигасының турнир кестесінде 8 матчта 15 ұпай жинап, 4-орында тұр. Команда бірнеше жыл қатарынан жоғарғы орындарда финиш жасағанымен, әлі де чемпион бола алмай келеді. Өткен демалыс күндері “Арсенал” солтүстік лондондық дербиде “Тоттенхэмді” 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Чемпиондар лигасындағы жағдай да тұрақты: топта 6 ұпаймен 2-орында тұр. Олар “Баварияға” (2:5) есе жіберіп, “Волеренганы” (4:1) және “Ювентусты” (4:0) сенімді түрде жеңді.
Ювентус: команданың жағдайын талдау
Макс Канзи шәкірттері Италия чемпионатын сәтті бастап, 10 ойынның қорытындысы бойынша 26 ұпаймен көш басында тұр. Дегенмен, бірнеше күн бұрын “Сассуолоға” қарсы матчта 80-минутта гол өткізіп, тең есеппен (2:2) ұпай жоғалтты.
Чемпиондар лигасындағы көрсеткіштері сәтсіз болғанымен, плей-оффқа шығу мүмкіндігі әлі бар. “Волеренганы” (1:0) жеңіп, “Баварияға” (0:2) және “Арсеналға” (0:4) ұтылғаннан кейін топта 3 ұпаймен келеді.
Арсенал – Ювентус: ықтимал негізгі құрамдар
“Арсенал” (ықтимал құрамы): Зинсбергер – Вуббен-Мой, Рафаэлле, Катли, Мариц – Литтл, Валти – МкКейб, Мануэла, Форд – Блекстениус.
“Ювентус” (ықтимал құрамы): Перейра – Лунга, Гама, Сембрант, Бое Рис – Гроссо, Карузо – Бонфанти, Гиролдини, Бейлор – Бьянки.
Арсенал – Ювентус: жеке кездесулер
“Ювентус” ешқашан “Арсеналды” ресми ойындарда жеңе алмаған – үш кездесудің екеуінде ұтылып, біреуінде тең ойнады. Соңғы матч “Ювентус” үшін ауыр жеңіліспен аяқталды (0:4).
Матчқа болжам
Екі команда да нәтижелі ойындарымен танымал. Сондықтан бұл кездесуде жалпы гол саны 3.5-тен көп болады деп болжап, 1.74 коэффициентіне бәс жасауды ұсынамыз.
2.07
Әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 12:45
2.15
Әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 12:45
1.77
Әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 15:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |