Арсенал – Манчестер Юнайтед: 2025 жылдың 12 қаңтарында өтетін матчқа болжам







Англия Кубогының 1/32 финалында “Арсенал” өз алаңында “Манчестер Юнайтедпен” кездеседі. Матч “Эмирейтс” стадионында өтеді.
Англия Кубогының осындай ерте кезеңінде ең танымал қарсыластықтардың бірі өтеді.
“Арсенал” – “Манчестер Юнайтед”: негізгі статистика және трендтер
• “Арсенал” қатарынан 3 матчта гол жіберді.
• “Арсенал” соңғы 19 матчтың тек біреуінде ғана жеңілді.
• “Манчестер Юнайтед” соңғы 5 матчтың ешқайсысында жеңіске жеткен жоқ.
• “Қызыл сойқандар” қатарынан 9 матчта гол өткізіп келеді.
“Арсенал” – команданың қазіргі жағдайы
Букайо Сака жарақат алғаннан кейін “канонирлердің” ойыны бәсеңдегенімен, олар Англияның ең мықты командаларының бірі болып қала береді. Қазіргі уақытта Микель Артетаның шәкірттері ішкі чемпионаттың 20 турында 40 ұпай жинаған. “Ливерпульден” 6 ұпайға артта қалып отыр, бірақ мерсисайдтықтардың бір матч қоры бар.
“Арсенал” соңғы ойынында Лига Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчында өз алаңында “Ньюкаслға” 0:2 есебімен күтпеген жеңіліске ұшырады.
“Манчестер Юнайтед” – команданың қазіргі жағдайы
“Қызыл сойқандар” Эрик тен Хаг қызметінен кеткеннен кейін де жанкүйерлерін көңілсіз қалдыруда. Қазіргі таңда Рубен Аморим басқаратын команда Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 20 турдан кейін 23 ұпаймен 13-орында тұр. Еурокубок аймағынан 11 ұпайға артта қалып қойған.
Жаңа жылдың алғашқы матчында МЮ сырт алаңда күтпеген жерден жанкүйерлерін қуантып, принципті қарсыласы “Ливерпульмен” тең ойнады – 2:2.
“Арсенал” – “Манчестер Юнайтед”: мүмкін құрамы
Арсенал (мүмкін құрамы): Рая – Льюис-Скелли, Габриэл, Салиба, Тимбер – Мерино, Жоржиньо, Эдегор – Мартинелли, Габриэл Жезус, Троссард
Манчестер Юнайтед (мүмкін құрамы): Онана – Мартинес, де Лигт, Йоро – Диогу Далот, Мазрауи, Гарначо, Каземиро, Майну, Диалло – Хейлунд
“Арсенал” – “Манчестер Юнайтед”: жеке кездесулер
“Манчестер Юнайтед” “Арсеналмен” 244 матчта кездесіп, 100 рет жеңіске жеткен. Ал “канонирлердің” еншісінде 91 жеңіс бар. Айта кетерлігі, Микель Артетаның шәкірттері МЮ-ге қарсы соңғы 3 ойында жеңіске жеткен.
Матчқа болжам
Бұл командалардың соңғы кездесуілері аса нәтижелі болған жоқ, сонымен қатар екі команда да шабуылда жарқын ойын көрсетіп жатқан жоқ. Сондықтан, “Тотал 3.0-тен төмен” бәсіне 1.59 коэффициентімен қоюды ұсынамыз.
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
6 | 14 |
2 |
![]() |
5 | 11 |
3 |
![]() |
5 | 11 |
4 |
![]() |
5 | 10 |
5 |
![]() |
5 | 10 |
6 |
![]() |
5 | 7 |
7 |
![]() |
5 | 7 |
8 |
![]() |
5 | 5 |
9 |
![]() |
5 | 5 |
10 |
![]() |
5 | 4 |
11 |
![]() |
5 | 3 |
12 |
![]() |
5 | 3 |
13 |
![]() |
6 | 3 |
14 |
![]() |
5 | 2 |