Жюль Кунде:"Мүмкін, біз өзімізді тыңдату үшін ереуілге шығу мүмкіндігін талқылауымыз керек шығар"
Футбол
18 қыр 2024 15:59
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Жюль Кунде:"Мүмкін, біз өзімізді тыңдату үшін ереуілге шығу мүмкіндігін талқылауымыз керек шығар"
Франция құрамасының және “Барселонаның” қорғаушысы Жюль Кунде қарбалас күнтізбе жайлы соңғы жаңалықтарға өз пікірін айтты.
-Родри күнтізбенің тым ауыр екенін және ойыншыларға физикалық тұрғыдан қиын екенін айтты. Сіз келісесіз бе?
“Иә, мен келісемін, соңғы 3-4 маусымда бұл мәселе қозғалып келеді. Мүмкін, біз өзімізді тыңдату үшін ереуілге шығу мүмкіндігін талқылауымыз керек шығар. Жарақаттар көбейіп жатыр, ал демалыс жоқтың қасы”, - деді футболшы “Монакомен” матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ойыншылар мен бапкерлер өздері үшін төзгісіз болып бара жатқан ойындар кестесіне наразылықтарын білдіріп жатқаны туралы жаңалықтарды жариялаған болатынбыз.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 22:02
Футбол
Бүгін 17:01
Хоккей
Бүгін 10:59