locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жуковтың неге Қазақстан құрамасына шақырылмайтыны белгілі болды

ФОТО:  Getty images
Жуковтың неге Қазақстан құрамасына шақырылмайтыны белгілі болды

Қытайлық “Цанчжоу Майти Лайонс” клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Георгий Жуков Ұлттар Лигасының күзгі матчтарына Қазақстан құрамасына шақырылмайды.

29 жастағы футболшының бірнеше жыл бұрын кедендік және шекаралық бақылаудан өткеннен кейін Қазақстан төлқұжатымен қиындықтары туындаған. Осындай жағдай сол кезде Нидерландының “Хераклес” клубында ойнаған Александр Меркельде де болған. Меркель 2019 жылдан бері құрамада ойнамайды.

Жуковтың сонымен қатар Бельгия және Ресей азаматтығы бар. Ресей азаматтығын ол 2016 жылы Екатеринбургтің “Урал”клубында ойнап жүргенде алған.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Жуковты неге құрамасына шақырмайтыны туралы сұраққа, оның құжаттарымен қиындықтары бар екенін атап өтті, бірақ нақты ақпарат беруден бас тартқан.

Қазақстан заңдарына сәйкес, қос азаматтыққа тыйым салынған.

Жуков соңғы рет ұлттық құрамада 2022 жылдың наурыз айында ойнап, Астанада Молдоваға қарсы Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңіндегі матчта шешуші пенальтиді сәтті орындаған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie