Жуковский шымкенттік Ордабасы командасының бас бапкері атануы мүмкін
"Атырау" футбол клубының бас бапкері Виталий Жуковский командадан кетуге бел буды. Кеше беларусь маманы өз инстаграм парақшасында жанкүйерлермен қоштасқан жазбасын жариялады.
- "Атырау" үшін алғысым шексіз. Келешекте қайта қауышамыз деп сенемін", - деп жазды Жуковский.
Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, Жуковскийге шымкенттік "Ордабасы" клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлады aladop.kz сайты. Клуб басшылығы жаңа бас бапкерді таңдау барысында бірнеше үміткерді қарастырып жатқан көрінеді.
Айта кетсек, Жуковскийдің басшылығымен "Атырау" биылғы Қазақстан Премьер-Лигасын 7-орында аяқтады. Сонымен қатар, команда Қазақстан Кубогінің финалына дейін жеткенімен, шешуші ойында "Ақтөбеге" есе жіберді.
Беларусь маманы "Атырау" клубын 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол еліндегі "Ислочь" және "БАТЭ" секілді беделді клубтарда жұмыс істеген.