locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жозе Моуриньоға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды

Футбол 06 сәу 2025 04:11
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Жозе Моуриньоға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды
Фото: gettyimages

«Фенербахче» командасының бас бапкері Жозе Моуриньоны Түркия футбол федерациясы үш матчқа шеттетті, деп жазды журналист Ягиз Сабунчуоглу әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Галатасарай» мен «Фенербахче» арасында өткен Түркия кубогы аясындағы ойында португалиялық маман мен қарсылас команданың бас бапкері Окан Бурук арасында жанжал орын алған еді.

Аталған матчта «Галатасарай» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Матч аяқталғаннан кейін Моуриньо Окан Бурукқа жақындап, оның мұрнын тартып, содан кейін Бурук алаңға құлап қалған болатын. Матчтың төрешісі португалдық пен оның екі көмекшісіне қызыл қағаз көрсетті.

Тергеу кезінде Буруктың әрекеті арандатушылық деп танылғандықтан, федерация қатаң жаза тағайындамау туралы шешім қабылдады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie