locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жоао Пауло: "Менің жылқы етін жеп көруге әлі батылдығым жеткен жоқ"

Жоао Пауло: "Менің жылқы етін жеп көруге әлі батылдығым жеткен жоқ"
ФОТО: Қайрат ФК

“Қайрат” клубының шабуылшысы, бразилиялық футболшы Жоао Пауло Қазақстандағы өмірге бейімделу туралы әсерлерімен бөлісіп, ең қиын болғаны – қазақ асханасына үйрену екенін атап өтті.

“Әрине, бастапқыда біраз қобалжыдым, бірақ тез бейімделіп кеттім. Мұнда адамдар жиі жылқы етін жейді, ал бұл біз, бразилиялықтар үшін үйреншіксіз, солай емес пе? Дегенмен, бәріне үйренуге болады. Менің жылқы етін жеп көруге әлі батылдығым жеткен жоқ, бірақ бәрі жақсы,” – деп бөлісті футболшы TV Globo-ға берген сұхбатында.

Осы маусымда Жоао Пауло алматылық команда сапында барлық турнирлерде 31 матч өткізіп, 14 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Қайраттың бұрынғы ойыншысы Аршавин алтыншы баласына қатысты құпияны ашты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie