Жұлдыз клубта қалады: Гризманн «Атлетико» клубымен 2027 жылға дейін келісімшартын ұзартты


Франциялық шабуылшы Антуан Гризманн Мадридтің «Атлетико» клубымен 2027 жылдың жазына дейін келісімшартын ұзарту туралы келісімге келді, деп хабарлайды Relevo.
МЛС-ке ауысуы мүмкін деген қауесеттер мен бапкерлік штабтың алаңдаушылығына қарамастан, 34 жастағы шабуылшы алдағы трансферлік кезеңде клубтан кетпек емес. Бас бапкер Диего Симеоне команданың негізгі ойыншыларының бірі ретінде оның құрамда қалуын талап етіп, Гризманнның маңыздылығын атап өтті.
Гризманн «Атлетико» клубымен бұрыннан тығыз байланысты: ол 2014 пен 2019 жылдар аралығында клуб намысын қорғады, ал 2021 жылы «Барселонадан» жалға алынып қайта оралды, кейін бұл ауысым толыққанды трансферге айналды. Қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін күшінде болса да, тараптар оны тағы бір маусымға ұзартуға келісті.
2024/25 жылғы маусымда Гризманн «матрасниктер» сапында 46 матч өткізіп, 16 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19