locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Жирона-Атлетик Бильбао: Кристиан Стуани Ла Лигада рекорд жаңартты

Жирона-Атлетик Бильбао: Кристиан Стуани Ла Лигада рекорд жаңартты

Ла Лиганың кезекті турында “Жирона” өз алаңында “Атлетик Бильбаоны” жеңді. Мичелдің шәкірттері жеңісті 90+9 минутта жұлып алды.

37 жастағы “Жирона” шабуылшысы Кристиан Стуани турнир тарихында таңғажайып рекорд орнатты. Ол қосымша уақытта алаңға шығып, алты минуттан кейін пенальтиден гол соғып, командасына маңызды жеңіс сыйлады.

Бұл гол уругвайлық үшін Ла Лигадағы ауысымнан кейінгі соққан 29-шы гол болды. Осылайша, ол 20 жылдан астам уақыт бойы Хулио Салинастың иелігіндегі рекордты жаңартты. Салинас ауысымнан кейін 28 гол соққан болатын.

Бұл жеңістен кейін “Жирона” тоғызыншы турдан соң 12 ұпаймен турнир кестесінде 11-ші орынға көтерілді.