locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жетісу Қызылжардың екі ойыншысына қызығушылық танытуда

Жетісу Қызылжардың екі ойыншысына қызығушылық танытуда

Талдықорғандық "Жетісу" Петропавлдық "Қызылжардың" екі ойыншысына қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Meta-rating.kz.

Талдықорғандықтар форвард Лука Имнадзе мен жартылай қорғаушы Рафаэль Сабинмен келісімшартқа отырғысы келеді. Грузинді "Жетісу" өткен қыста команда сапына қосуға тырысқан еді, бірақ ол "Қызылжармен" келісімшартты ұзартты. Алдағы қыста Имнадзе еркін агент атанады және талдықорғандықтар тағы да онымен келіссөздер жүргізеді. Ал Рафаэль Сабинді "Жетісу" командасының бас бапкері командадан кеткен Витора Браганың орнына алғысы келеді.

Осы маусымда "Қызылжар" сапында Лука Имнадзе 22 матч өткізіп, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Рафаэль Сабину 14 матчты нәтижесіз өткізді.