Жереми МАНЗОРРО: “Егер менен Қазақстанда ойнағың келеді ме деп сұраса, менің жауабым жоқ”
"Астананың", павлодарлық "Ертістің" және қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро Қазақстан премьер-лигасына неге оралғысы келмейтіні туралы айтып берді.
"Мен Қазақстаннан кеткен кезде "Астана" командасы мені өз құрамында көргісі келмеді. Алайда менде тағы бір жылға келісімшарт болды. Басшылық ауысқаннан кейін, командаға келтірілген пайдаға қарамастан, мені құрамға қоспады. Қазақстан – бұл менің өмірімдегі жақсы кезең болды: екі рет Қазақстан чемпионы атандым, жақсы достар таптым.
Егер менен Қазақстанда ойнағың келеді ме деп сұраса, менің жауабым жоқ. Қазақстанда мен чемпион атандым, Суперкубокты иелендім, УЕФА Конференция лигасында ойнадым. Бір сөзбен айтқанда, мен барлық мақсаттарды орындадым. Тағы бір себебі, адамдар мен туралы жаман пікір қалыптастырды. Мұндай жағдайларда менің кінәм болған жоқ. Егер мен бас тарта алмайтын ұсыныс болмаса, мен Қазақстанға оралмаймын", – деп жазады Манзорроның сөздерін Sportplustv.kz.
Биылғы жылдан бастап Жереми Манзорро "Мумбай Сити" командасы үшін Үндістан чемпионатында өнер көрсетіп келеді.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35