Жереми Доку өз мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды


El Nacional мәліметінше, "Барселона" шабуыл шебін күшейту үшін жаңа вингер іздеуде.
Ламин Ямал мен Рафиньяға қосымша балама ретінде клуб Рафаэл Леау, Нико Уильямс және Луис Диас секілді ойыншыларға қызығушылық танытуда. Алайда олардың трансфер құны жоғары болғандықтан, спорт директоры Деку қаржылық тұрғыдан тиімді нұсқаларды қарастыруда.
Осыған байланысты каталондық клубтың назарына "Манчестер Ситиде" ойнайтын Жереми Доку ілікті. Бельгиялық вингер командаға жақсы бейімделіп, алғашқы маусымын сәтті бастағанымен, жоғары бәсекелестікке байланысты негізгі құрамнан тыс қалды. Осы жағдайға көңілі толмаған ол жазғы трансферде клуб ауыстыруды ойластыруда.
Деку 22 жастағы Докудың кандидатурасын "Барселона" басшылығына ұсынды. Жаңа бас бапкер Ханс-Дитер Флик шабуылды күшейтуге ниетті, сондықтан бұл ойыншы каталондықтар үшін маңызды трансфер болуы мүмкін.
Ағымдағы маусымда Доку 23 матчқа қатысып, 6 гол мен 7 нәтижелі пас берді. Transfermarkt оның нарықтық құнын 50 млн еуроға бағалауда.
Сонымен қатар, Гвардиоланы Манчестер Ситиде не күтіп тұрғаны белгілі болды

Футбол
Бүгін 16:00
