Жерар ГОУ: “Жалақымды өсірсін деп сұрадым”
Қазақстан чемпионатының екі мәрте сұрмегені атанған Жерар Гоу, “Ақтөбе” сапынан кетуге басшылық жалақысын көтермей, клубтың оған сенім артпағаны себеп болған, деп хабарлайды Sport+ редакциясы.
Жерар Гоу алғаш рет Қазақстанға “Қайрат” сапына ауысып келген болатын. Кейін араға жылдар салып шабуылшы, Ақтөбелік командамен келісім-шартқа отырды. Алайда, екінші маусымға “Ақтөбе” сапында Гоу не себепті қалмағанын айтты.
Мен “Ақтөбе” командасының алғашқы ұсынған келісім-шартын қаражатына қарамай келістім. Себебі, олар маған сенген жоқ. Командаға қосылған кезде менің артық салмағым болды. Мен сол баяғы Жерар Гоу екенінмді дәлелдегім келді. Алаңға аз уақытқа шығып, нәтиже көрсеттім. Жаңа маусымда жалақымды көтеруді сұрадым. Клуб бұл ұсынысқа келіспеді.
Жерар Гоу “Қайрат” командасынан да жалақы мәселеcі бойынша келісе алмай клубтан кеткен еді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52