locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Жерар Гоу мансабын аяқтады

Жерар Гоу мансабын аяқтады

Қазақстандық “Қайрат” және “Ақтөбе” клубтарындағы ойынымен танымал 35 жасар Жерар Гоу мансабын ресми түрде аяқтады.

Руанда құрамасының бұрынғы шабуылшысы "Қайрат" клубында жақсы нәтижелер көрсетті, команда сапында 2014-2017 жылдар аралығында 138 матч өткізіп, 99 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді

Гоу қатарынан екі рет Қазақстан чемпионатының “Үздік сұрмегені” атанды. Форвард үш рет күміс жүлдегер және екі рет чемпионаттың қола жүлдегері атанды, сондай-ақ Қазақстан Суперкубогының иегері.

Шабуылшының соңғы клубы "Ақтөбе" клубы. “Ақ-қызылдар” құрамында Гоу голдар саны бойынша үздік ойыншы болды. Бірақ, тараптар қаржылық шарттар бойынша келісе алмады.