Жеңіс жарақатпен көлеңкеленді: Мирас Көбеевтің командасы «Арсеналды» ойсырата ұтты, бірақ жартылай қорғаушы матчты ерте аяқтады
Футбол
24 мам 2025
01:15

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Беларусь чемпионатының 10-туры аясында «Ислочь» Дзержинск қаласының «Арсенал» командасын өз алаңында ірі есеппен - 4:0 есебімен жеңді.
Кездесу «Ислочьтың» алаңында өтіп, алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев бұл ойынды бастапқы құрамда бастады, алайда небәрі 11-ші минутта жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бұл жағдай оның командасының сенімді жеңісіне көлеңке түсірді.
Беларусь. Жоғарғы Лига. 10-тур
«Ислочь» - «Арсенал Дзержинск» - 4:0
Голдар: 18,45 Ковалевич, 21,42, Тихомиров.
Айта кетейік, 19 жастағы Көбеев 2024 жылы «Ислочь» клубының қатарына қосылып, екі жылдық келісімшартқа қол қойған болатын.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек