Жеңіс Лига кубогының финалына шығу ойыншыларға қалай әсер еткенін айтып берді
"Жеңіс" командасының қазақстандық футболшысы Саян Мұқанов Sport+ арнасына берген сұхбатында елордалық клуб үшін өнер көрсетуден алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, Саян 24 қарашада өтетін "Астанамен" өтетін лига кубогындағы финалдық матчтағ не күтетңнін де айтты.
"Соңғы үш ойында "Жеңіс" командалық еңбегінің арқасында табысты болды. Біз бәріміз ұжым ретінде жұмыс істедік... Мен "Астанаға" қарсы Лига кубогының финалын асыға күтемін. Бұл маңызды ойын болады және біз жеңіске жету үшін тырысамыз және жанкүйерлерімізге керемет футбол көрсетуге дайынбыз.
Иа, 2021 жылы мен кетуді жоспарладым, бірақ командада менің позициямда ойыншылар жетіспейтін болды. Мен жігіттер қалпына келгенге дейін бірнеше ойын ойнауды жоспарладым, бірақ соңында маусымның соңына дейін қалдым, бұл өте қуанышты.
"Жеңіс" ҚПЛ-дағы бірінші маусымды өткізуде, сондықтан да белгілі бір қиындықтар болды, осыған қарамастан қазір Қазақстанның жоғары лигасында қалуға мүмкіндігіміз жоғары", - деп жазды футболшының сөзін Sports24.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Жеңіс" ҚПЛ-нің 22-ші туры аясында қостанайлық "Тобылды" (2:1) сенсациялық түрде жеңген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52