locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Жеңіс» Эрдон Дацимен келісімшартты бұзғанын ресми түрде жариялады

Футбол 24 сәу 2025 10:24
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Жеңіс» Эрдон Дацимен келісімшартты бұзғанын ресми түрде жариялады
ФОТО: Жеңіс ФК

Астананың «Женіс» футбол клубы солтүстік македониялық шабуылшысы Эрдон Дацимен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде хабарлады. 25 жастағы футболшымен келісімшарт тараптардың ортақ шешімі бойынша тоқтатылды.

Даци 2025 жылдың наурыз айында «Жеңіс» сапына қосылып, Қазақстан Премьер-лигасында төрт ойын өткізді. Ол биылғы маусымда клубтың алғашқы голының авторы атанды: үшінші турда «Ұлытаудың» қақпасына соққан дәл соққысы командаға 1:1 есебімен тең ойнауға көмектесті.

Алайда сәтті басталған маусым ауыр жарақатпен аяқталды. Қазақстан Кубогы аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында Даци тізе байламдары жарақатын алды . Бұл шабуылшыны ұзақ уақыт бойы алаңнан тыс қалдырды. Ойыншы мен клуб басшылығы ақылдаса келе, келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады. Бұл Дациге толыққанды оңалтудан өтіп, сауығуға мүмкіндік береді.

Эрдон Даци - Македонияның әйгілі «Вардар» клубының түлегі. «Жеңіс» сапындағы алғашқы ойынын ол 2025 жылдың 8 наурызында «Тобылға» қарсы өткізді (0:0).

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie