Жасұлан Молдақараев - 2024 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанды
Футбол
25 қаз 2024 09:44
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: ФК Улытау
“Ұлытау” шабуылшысы Жасұлан Молдақараев 2024 жылғы маусымда Бірінші лиганың үздік сұрмергені атанды. 37 жастағы футболшы 25 матчта 19 гол авторы атанды.
Молдақараев Жезқазған клубына көктемде “Оқжетпестен” еркін агент ретінде ауысқан болатын. Сондай-ақ шабуылшы “Ордабасы”, “Тобыл”, “Алтай” және “Қайсар” командаларында өнер көрсетті.
Сонымен қоса, Бірінші лиганың маусымдағы үздік сұрмергендері тізіміне “Хан-Тәңірінің” ойыншысы Диас Қалыбаев (12 гол), “Жетісайдан” Рамазан Абылайхан және “Қайрат-Жастардан” Рамазан Бағдат (11 голдан) енді.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20