locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

“Жарайсың, Абат!”: Қазақстан құрамасының бас бапкері Айымбетовтың Түркиядағы жетістігін жоғары бағалады

“Жарайсың, Абат!”; Қазақстан құрамасының бас бапкері Айымбетовтың Түркиядағы жетістігін жоғары бағалады
ФОТО: Getty images

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Түркияның “Адана Демирспор” клубында ойнайтын шабуылшы Абат Айымбетовтің табысты ойынына қатысты өз пікірін білдірді. Бапкер алдымен футболшыны орыс тілінде құттықтап, кейін қазақ тілінде жылы лебізін жеткізді.

“Абат қуантты! Еуропалық чемпионаттарда өнер көрсетіп жүрген ойыншыларымыздың жетістіктерін үнемі бақылап отырам. Кеше шабуылшы Абат Айымбетов Түркия чемпионатында “Адана Демирспор” үшін гол соқты. Бұл - оның соңғы үш ойындағы үшінші голы. Бүгін Абатқа қоңырау шалып, жеңісімен құттықтадым және қарқынын бәсеңдетпеуін тіледім. Ол дарынды жігіт, болашағы әлі алда. Жарайсың, бауырым!

Ойыншыларымыздың еуропалық чемпионаттардағы жетістіктерін ұдайы бақылап отырам. Кеше шабуылшы Абат Айымбет Түркиядағы чемпионатта "Адана Демирспор" үшін гол салды. Бұл оның үшінші матчтағы үшінші голы. Міне бүгін Абатқа қоңырау соғып, жетістігімен құттықтадым. Осы қарқынды төмендетпеуіне тілектестік білдірдім. Ол дарынды жігіт, болашағы алда. Жарайсың, бауырым!",- деп жазды Черчесов әлеуметтік желісіне.

Айта кетейік, Түркия чемпионатының 17-турындағы матчта Абат Айымбетов “Хатайспор” қақпасына гол соғып, соңғы үш ойында қатарынан гол соғу сериясын жалғастырды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie