locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жаон Лаптора Ұлттар Лигасына қарсылығын білдірді:"Оған қатысатын ойыншылардың құқықтары сақталмайды"

ФОТО:  Getty_images
Жаон Лаптора Ұлттар Лигасына қарсылығын білдірді:"Оған қатысатын ойыншылардың құқықтары сақталмайды"

“Барселона” президенті Жоан Лапорта УЕФА Ұлттар лигасының өткізілуіне қарсы шықты.


“Мен Ұлттар лигасына қарсымын. Олар [УЕФА] бұл турнирді жасырын түрде өткізді. Оған қатысатын ойыншылардың құқықтары сақталмайды, ал клубтар осы ойынға төлем жасайды. Бұл турнир футболшылар мен клубтардың мүддесі үшін реттелуі керек”, — деп Лапортаның сөзін Relevo келтіреді.


Айта кетеік, УЕФА Ұлттар лигасы 2018 жылы құрылды. Бұл турнирдің жеңімпаздары бір реттен Португалия (2019), Франция (2021) және Испания (2023) құрамалары атанды. Жарыс Еуропа чемпионаттарына іріктеумен байланысты және ұлттық құрамаларға құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне шығуға қосымша мүмкіндік береді.

Бұған дейін Жоан Лапорта Чемпиондар лигасының жаңа форматын сынап, Суперлиганың бастауға дайын екенін растады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie