locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жамантаев ҚФФ президенттік сайлауынан кандидатурасын алып тастағанын түсіндірді

Жамантаев ҚФФ президенттік сайлауынан кандидатурасын алып тастағанын түсіндірді
ФОТО: kazfootball.kz

Бүгін, 18-ші желтоқсанда президенттікке үміткерлер тізімі 4 адамға дейін қысқарды." Республикалық жекеменшік футбол мектептері мен академиялары лигасы" қауымдастығының өкілі Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол федерациясының президентінің сайлауынан өз кандидатурасын алып тастау себебін айтты.

“Біріншіден, осы күндерде мені қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Мен үшін сіздердің әрбір пікірлеріңіз бен кеңестеріңіз баға жетпес болды. Осы қысқа мерзімде елімізде футбол патриоттары көп екеніне көзім жетті. Бірақ барлық жақсы және жағымсыз жақтарын қарастыра келе, ҚФФ президенті лауазымына үміткер болмау туралы салмақты шешім қабылдадым. Мықтылар жеңіске жетіп, футболымызды жаңа деңгейге көтеруіне шын жүректен тілектеспін. Біз футболдағы жұмысымызды жалғастырамыз және әрине, жаңа президент пен қазіргі бас хатшы бастаған жаңа менеджерлер командасына футболымызды жақсартуға көмектесеміз”, - деп келтірді Жамантаевтың сөзін Серый CARDINAL телеграм арнасы.

Президент сайлауы ҚФФ-ның 20 желтоқсанда болатын кезектен тыс конференциясында өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie