locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Жайро ЖАН: “Бізде әлі де чемпиондыққа үміт бар”

Жайро ЖАН: “Бізде әлі де чемпиондыққа үміт бар”

"Ақтөбе" жартылай қорғаушысы Жайро Жан 2024 жылғы Премьер-лиганың 22-ші туры аясында алматылық "Қайратқа" қарсы өткен матчқа қатысты өз ойымен бөлісті.

"Ойын біздің команда үшін қиын басталды. Біз бұл ойынның "классикомен" бірдей екенін және оның қиын болатынын білдік. Құдайға шүкір, біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік және осы жеңістен ләззат алғымыз келеді. Әрине, біздің жанкүйерлер қарсыласқа үлкен қысым көрсетті және біз тәуекелге бел будық. Өйткені 0:1 есебі кезінде біз шабуыл жасай бастадық және чемпиондыққақа әлі де үміт бар екенін түсіндік", - деп келтіреді Жанның сөзін KazFootball.kz "Ақтөбе" клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" "Қайратты" 2:1 есебімен жеңді.