locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жаңартылған Чемпиондар Лигасының жеңімпазы қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Жаңартылған Чемпиондар Лигасының жеңімпазы қанша сыйақы  алатыны белгілі болды

Биылғы маусымнан бастап Чемпиондар Лигасы жаңа форматта өтеді: топтық кезеңдер алынып тасталды, командалар саны көбейді, сондай-ақ жүлде қоры да артты.

2024/25 жылғы маусымның Чемпиондар Лигасының жеңімпазы алдын ала болжам бойынша 150-160 миллион еуро табыс табуы мүмкін. Турнирдің жаңа форматындағы өзгерістерге байланысты нақты сома әлі белгісіз.

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, биылғы турнирдің жалпы бюджеті 2,5 миллиард еуроны құрайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022/23 маусымында Чемпиондар Лигасын жеңіп алған «Манчестер Сити» 110 миллион фунт стерлинг табыс тапқан. Жүлде қоры келесідей бөлінеді: жалпы соманың 27,5 пайызы барлық қатысушыларға беріледі.

Қаражаттың 37,5 пайызы командалардың турнирдегі нәтижелеріне қарай үлестіріледі. Қалған 35 пайызы УЕФА рейтингі мен трансляция құқықтарына сәйкес бөлінеді.

Daily Mail деректеріне сүйенсек, УЕФА басшылығы турнирден 3,9-4,1 миллиард фунт стерлинг табыс күтуде. Соңғы үш маусымда Чемпиондар Лигасы жылына шамамен 3,13 миллиард фунт табыс әкелді, және осы маусымда бұл көрсеткіштің өсуі болжанып отыр.