locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зенит Краснодардан жеңілді: Нұрәлі Әліп ойынды толығымен өткізді

Зенит Краснодардан жеңілді: Нұрәлі Әліп ойынды толығымен өткізді

Санкт-Петербургтік "Зенит" Ресей Премьер-Лигасының 10-турында "Краснодардан" жеңіліске ұшырады.

Ойын "Краснодардың" пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп "Зениттің" негізгі құрамына шығып, матчты толық өткізді. Кездесудің көп бөлігі тең есеппен өтті, бірақ 88-минутта "Краснодардың" шабуылшысы Джон Кордоба есеп ашты. Екінші голды 94-минутта Федор Смолов соғып, матчтың қорытынды есебін тіркеді.

Осы жеңістен кейін "Краснодар" 10 ойыннан кейін 24 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға шықса, "Зенит" 23 ұпаймен үшінші орынға түсті.

Нұрәлі Әліп үшін бұл осы маусымдағы "Зенит" сапындағы тоғызыншы матч болды, ойыншы әлі нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.