locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Өзбекстандық төреші әлем чемпионатында қызмет етеді

Футбол 15 сәу 2025 06:40
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Өзбекстандық төреші әлем чемпионатында қызмет етеді
Фото: gettyimages

Өзбекстандық төрешілер АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы Әлем чемпионатында қызмет етеді.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми ақпаратына сәйкес, Ильгиз Танташев жаһандық доданың бас төрешілері қатарына қосылды. Турнир барысында Танташевке екі отандасы Тимур Гайнуллин мен Андрей Цапенко көмектеседі.

Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты осы жылдың 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. 32 клуб бақ сынайтын дода АҚШ-тың 11 қаласында өтеді.

Бір қызығы аталған турнирде Испания елінен бірде бір төреші қызмет етпейтіні белгілі болды.

ФИФА осы жазда АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатында төрешілер сынақтан өтіп, ресми түрде енгізілген IFAB бекіткен соңғы технологиялар мен ережелерді қолданатынын хабарлады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie