Зайнутдиновтың клубы Бешікташ ЕЛ-дағы матчты жанкүйерсіз өткізеді
Түркиялық “Бешікташ” пен израильдік “Маккаби” (Тель-Авив) арасындағы Еуропа Лигасының жалпы кезеңінің 5-тур матчы бейтарап алаңда өтетіні туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
““Бешікташ” - “Маккаби” Тель-Авив матчы Мажарстанның Дебрецен қаласында көрерменсіз өтеді.
УЕФА және жергілікті билік өкілдерімен талқылаудан кейін “Бешикташ” - “Маккаби” Тель-Авив арасындағы УЕФА Еуропа Лигасы матчын Мажарстанның Дебрецен қаласында өткізу туралы шешім қабылданды, себебі бұл матчты қабылдауға дайын болған жалғыз ел сол болды.
Жергілікті әкімшіліктің шешімімен бұл матч көрерменсіз өтетін болады. Кездесу 2024 жылғы 28 қарашада Нагердей стадионында жанкүйерлерсіз өткізіледі.
Жанкүйерлерден бұл матчқа сапар жоспарламауды өтінеміз.
Құрметпен, “Бешикташ JK”” – деп клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасы мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, УЕФА бұл шешімді түріктердің Газа секторына байланысты Израильге жаман көз қараспен қарайтынына байланысты қабылдады. Сонымен қоса, түрік клубы да бұл матчты өз стадионында өткізуді қаламады.
Бұған дейін , құрамында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын “Бешікташ”клубы еурокубоктың жалпы кезеңінде нидерландтық “Аякстан” (0:4) және германиялық “Айнтрахттан” (1:3) жеңіліп, француздық “Лионды” (1:0) және шведтік “Мальмёны” (2:1) жеңген болатын.
Айта кетейік, Зайнутдинов ағымдағы маусымда еурокубоктың ойындарда алаңға шыққан жоқ. Оның осы маусымда клуб сапында бар болғаны 22 минут қана ойын уақыты бар.
ҚФФ-ның жаңа президентін сайлау күні жарияланды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52