Зайнутдиновтың Бешікташтағы жаңа бапкерінің жалақысы белгілі болды
Футбол
19 қаң 2025 14:36

Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы

ФОТО: ФК Бешікташ
Норвегиялық бапкер Уле-Гуннар Сульшер құрамында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов бар стамбулдық “Бешікташпен” келісімшартқа отырды.
Клуб президенті Сердал Адалидің Daily Mail басылымына айтуынша, “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы бас бапкері стамбулдық клубпен бір жарым жылға келісімшартқа отырған. Сульшерге осы кезеңде 3,6 миллион еуро төленетін болды.
Еске салайық, норвегиялық маман “Самсунспорға” (0:0) қарсы ойынды VIP қонақ ретінде тамашалаған болатын. Ол 22 қаңтарда “Атлетикке” қарсы Еуропа Лигасы матчында алғаш рет “қара бүркіттердің” капитандық көпіріне шығады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек