Зайнутдинов өнер көрсететін команданың Еуропа лигасындағы матчы кейінге шегерілді
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 5-тур аясында өтетін Түркияның “Бешикташ” (Стамбұл) пен Израильдің “Маккаби” (Тель-Авив) командалары арасындағы матчты кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.
Алғашында бұл кездесу 28 қараша күні Стамбұлда өтуі тиіс болатын, алайда УЕФА Түркиядағы анти-израильдік көңіл-күйге байланысты матчты басқа елде өткізуді ұйғарды. Ойын өтетін жаңа орын апта соңына дейін жарияланбақ.
Еске сала кетсек, стамбұлдық клубтың қатарында қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов өнер көрсетеді. Биылғы маусымда 26 жастағы футболшы “Бешикташ” сапында небәрі екі ойын өткізіп, барлығы бес минутқа ғана алаңға шықты. Салыстыра кетсек, өткен маусымда Зайнутдинов “Бешикташ” құрамында 37 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52