locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зайнутдинов Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне, Бешікташтың ойынына шақырту алды

Футбол 20 там 2024 10:01
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Зайнутдинов Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне, Бешікташтың ойынына шақырту алды

Бахтиер Зайнутдинов Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуі мүмкін. Қазақстандық футболшы швейцарлық "Луганоға" қарсы ойынға шақырту алдв.

Түркиялық "Бешікташ" еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін күрес жүргізуде. Бұл жолдағы соңғы қарсылас "Лугано" болмақ.

"Бешікташқа" отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов көмек беруі мүмкін. Ол командамен бірге Швейцарияға аттанды. "Луганоға" қарсы бірінші кездесу бейсенбі, 22 тамызда өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Осыдан алдын Түркиялық БАҚ өкілі Зайнутдинов "Бешікташқа" керек емес леп жазған болатын. Клуб Қазақстан құрамасының ойыншысын сатуы мүмкін. Бахтиер Зайнутдинов 2024/25 маусымында алаңға мүлде шықпады.

Зайнутдинов ЦСКА-дан "Бешікташқа" 2023 жылдың тамыз айында ауысты. Трансфер құны - 4,5 миллион еуро. "Бешікташпен" келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt 26 жасар футболшының бағасын 5 миллион еуроға бағалайды.