locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зайнутдинов Динамо Киев сапына ауысудан бас тартты

Зайнутдиновтың “Бешикташтағы” мансабы ойдағыдай өрбіп жатқан жоқ. Түркиядағы бірінші маусымнан кейін “Бешикташ” оны кері сату жайлы шешім қабылдады және мансабын жалғастыру үшін әртүрлі нұсқаларды қарастыруда. Ойыншыға “Зенит” үлкен қызығушылық танытты, бірақ ол Ресейге оралудан үзілді-кесілді бас тартты. Зайнутдинов Еуропада ғана өнер көрсеткісі келеді.

Күні кеше ойыншыға киевтің “Динамосынан” ұсыныс келіп түсті. Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиевтен де ойыншы жайлы біршама деректер сұрастырылыпты. Түрік клубы бұл трансферге өз келісімін берді, бірақ ойыншы трансферден бас тартты.

Зайнутдинов "Бешикташтың" құрамына қайта еніп, бас бапкер Джованни ван Бронхорстқа оны есептен шығару қателік болғанын дәлелдегісі келеді.

Бахтиёр Зайнутдинов “Бешикташ” сапына 2023 жылдың жазында мәскеулік ЦСКА командасынан ауысты. Трансфер құны 4,5 миллион еуроны құрады.