locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Зайнутдинов алаңға шықпады: Бешикташ ЕЛ-да жеңіске жетті

Зайнутдинов алаңға шықпады: Бешикташ ЕЛ-да жеңіске жетті
Фото: Meta-ratings.kz

6 қарашада УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-турындағы матчта түркиялық “Бешикташ” шведтік “Мальмемен”кездесті. Бұл ойында стамбұлдық клуб 2:1 есебімен минималды жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының 26 жасар жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов “Бешикташ”сапында бұл матчқа шақырту алған ойыншылар тізімінде болса да, алаңға шыққан жоқ. Жалпы, осы маусымда Бақтиер стамбұлдық команда сапында бар болғаны екі ойын өткізді.

Еуропа Лигасы. 4-тур. 6 қараша

“Бешикташ” - “Мальме” - 2:1 (0:0)

Голдар: Мучи, 76 (1:0); Киличсой, 85 (2:0); Риэкс, 90+ (2:1)

“Бешикташ” осы маусымдағы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде алты ұпай жинап, төрт турдан кейін жалпы кестеде 14-орынға жайғасты.

Зайнутдинов өнер көрсететін “Бешикташ” ЕЛ аясындағы келесі ойынын Израильдің “Маккаби” клубына қарсы Әзербайжанда өткізуі мүмкін.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie