locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ювентустың жұлдыз вингері бар-жоғы 13 млн еуроға Ливерпуль ойыншысы атанады

Фото: X (twitter)

Ювентус вингері Федерико Кьеза Ливерпульге ауысады. Бұл туралы Фабрицио Романо хабарлады.

Басылымның ақпараты бойынша, қызылдар ойыншы үшін 13 млн еуро төлейді. Футболшы мерсисайдтықтармен 4 жылдық келісімшартқа қол қояды.

Итальяндық Англияға бүгін ұшып барады. Ол Ливерпульмен тез арада келісті, жақын арада қызылдардың ойыншысы атанады.

Кьеза Ювентус сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келуде. 26 жасар вингер туриндік клуб қосынында 131 ойын өткізіп, 32 гол соғып және 23 ассист берді.

Басында туриндіктер футболшымен келісімшартты ұзарта алмады. Сосын бас бапкер Тьяго Мотта ашық түрде ойыншыға үміт артпайтынын хабарлады.