locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ювентустың бас директоры Поль Погбаның келісімшарты жайлы толық пікірін білдірді

ФОТО:  Getty images

“Ювентус” клубының бас директоры Маурицио Сканавино Поль Погбаның келісімшарт жағдайына қатысты пікір білдіріп, француз жартылай қорғаушысының клубтан кетіп, еркін агентке айналатынын растады.

“Поль Погба және оның өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқанымызды растай аламын, біз мәселенің оңтайлы шешімін табуға тырысудамыз. Негізгі шешім қабылданды, енді тек егжей-тегжейін келісу қалды… Погба “Ювентустан” кетіп , еркін агентке айналады”, — деді Сканавино.

Бұған дейін Погбаға қызығушылық танытқан МЛС және Сауд Арабиясы клубтарынан ұсыныстар түскені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, французға өз елінің танымал клубтары да қызығушылық танытқаны жайлы сыбыстар бар.

CAS шешіміне сәйкес, Погба қаңтар айында кез келген клубпен жаттығуларын қайта бастай алады, ал ресми матчтарға қатысуға наурыз айынан бастап рұқсат беріледі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie