Ювентус жарақат алған Бремердің орнына Серхио Рамосты қарастыруда
Футбол
03 қаз 2024 16:51
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Ювентус жарақат алған Бремердің орнына Серхио Рамосты қарастыруда
“Ювентус” жарақат алған қорғаушысы Глейсон Бремердің орнына Серхио Рамосты қарастыруда. Туриндік клубтың басшылығы қазіргі уақытта еркін агент мәртебесіне ие 38 жастағы Рамоспен келісімшартқа отыруға мүдделі, деп хабарлайды Fichajes басылымы.
Журналист Джованни Альбанезенің айтуынша, Бремердің алдыңғы тізе байламы жарақатын алды деген күдік бар. Егер диагноз расталса, 27 жастағы футболшы ағымдағы маусымда алаңға қайта шықпауы мүмкін, өйткені оның толық қалпына келуі үшін 6-7 ай қажет болады.
Рамостың соңғы рет “Севилья” клубына өнер көрсетті, ол 2023/24 маусымында 37 матч өткізіп, жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52