Ювентус пен Барселонаның бұрынғы ойыншысы Нұралы Әліпке қарсылас болды
"Ювентус" пен "Барселонаның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич ресми түрде мәскеулік ЦСКА клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клуб ресми сайтында хабарлады.
34 жастағы босниялық ойыншымен бір жылдық келісімшарт жасалды, ол тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігіне ие. Пьянич ЦСКА сапында 15-ші нөмірмен ойнайды. Бұған дейін оның мәскеулік клуб сапындағы жалақысы жылына шамамен бір миллион еуроны құрайтыны хабарланған болатын.
Пьянич "Лион", "Рома", "Ювентус" және "Барселона" клубтарында ойнауымен танымал. Туриндік клубтың құрамында ол Италияның төрт дүркін чемпионы атанып, екі рет ел Кубогын жеңіп алды және Чемпиондар лигасының финалисі болды.
Жазда Пьянич БАӘ-нің "Шарджа" клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент атанды. Ол бұл клуб үшін 61 матч өткізіп, 5 гол соғып, 16 нәтижелі пас авторы атанды.
ЦСКА қазіргі уақытта РПЛ турнир кестесінде алтыншы орында тұр, "Зениттен" тоғыз ұпайға қалып келеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52