Ювентус Криштиану Роналдуға қатысты сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірді
"Ювентус" клубының ресми сайты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуға қатысты сот шешіміне шағым түсіргенін хабарлады.
Бұған дейін сот туриндік клубты бұрынғы шабуылшыға 9,8 миллион еуро және инфляцияны ескере отырып 9% төлеуге міндеттеген еді.
"Клуб бұл соманы 2023/24 қаржы жылында экс-футболшыға дереу аударды. 26 қыркүйекте "Ювентус" бұл шешімді қайта қарау үшін еңбек істері бойынша Турин сотына шағымданды", — делінген клуб мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Роналду "Ювентус" клубын сотқа беріп, 19,5 миллион еуро қарызды өтеуді талап еткен болатын. Бұл сома клуб пен ойыншы арасындағы бейресми келісім аясында төленуі тиіс еді.
Футболшы "Ювентус" сапында 2018-2021 жылдары өнер көрсетті. Итальяндық клуб сапында Роналду екі дүркін Италия чемпионы, Кубок және екі Суперкубок иегері атанды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52