Юссуф Ндайишимийе өз туған клуб Бурундиде қолдады
Француздың “Ницца” клубының жартылай қорғаушысы Юссуф Ндайишимийе Бурундидегі өз туған клубы – “Эгль Нуар” - ға қаржылық көмек көрсетіп, қайырымдылық жасады.
Футболшының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 жастағы Ндайишимийе клубтың қызметкерлері мен ойыншыларының жалақысын толық төлеуді өз мойнына алып, бұл үшін шамамен 18 миллион бурундий франкі, яғни 6 мың еуро жұмсаған.
“Эгль Нуар” клубы - Ндайишимийе кәсіби футболға қадам баспас бұрын дәл осы клубта ойнаған. Футболшының бұл іс-әрекеті тек туған жеріне деген адалдықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатқан командаға өмірлік маңызды қолдау болды.
Айта кету керек, Юссуф Ндайишимийе 2023 жылдан бастап “Ницца” клубында өнер көрсетіп, команданың маңызды ойыншысына айналған. Оның мұндай әрекеттері тек өз еліндегі жас футболшыларды шабыттандырып қана қоймай, табысты спортшылардың дамушы аймақтардағы футболға қалай әсер ете алатындығын көрсетеді.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49