Юрий Жирков Спартакқа бапкер ретінде Черчесовті шақыру идеясын қолдады
Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Юрий Жирков “Матч ТВ” арнасына берген сұхбатында қазіргі Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың “Спартак” клубының тізгінін ұстауы мәскеулік команданы айтарлықтай күшейте алатынын айтты.
“Дзюбаның “Спартак” үшін Черчесов пен Ромащенко жақсы нұсқа деп айтқан сұхбатын оқыдым. Онымен толық келісемін. Меніңше, бұл тағайындау “Спартакты” әлдеқайда мықты етер еді. Мен бұл бапкермен бірге жұмыс істедім және оның жұмыс тәсілдерімен жақсы таныспын. Ол әрқашан бар күш-жігерін салып, толық беріліп жұмыс істейді. Одан көптеген тактикалық жаңалықтарды үйрендім. Черчесов “Спартакқа” өте жақсы таңдау болар еді”, - деді Жирков.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Артем Дзюба “Матч ТВ” арнасына берген сұхбатында “Спартактың” табысқа жетуі үшін Станислав Черчесов пен Мирослав Ромащенконы шақыру қажеттігін айтқан болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52