Юрий Белоус Черчесовқа Қазақстан құрамасында жұмыс істеуге уақыт беру керек деп санайды
“Москва” футбол клубының бұрынғы президенті Юрий Белоус Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері ретіндегі жұмысы туралы өз пікірін білдірді.
“Білесіз бе, егер Қазақстан Еуропа чемпионы болып, қазір бірнеше матчта жеңіссіз ойнаса, онда оны сынға алуға болар еді. Бірақ ол жаңа командаға келді, еуропалық деңгейде әлі де даму үстіндегі ұлттық құрамаға. Қазақстан — үшінші-төртінші деңгейдегі команда. Оның деңгейін көтеру үшін әлі көп жұмыс істеу керек, сонымен бірге федерацияның да атқаратын ісі көп. Жақында ғана Грузия Еуропа чемпионатында жетістікке жетті, сондықтан Черчесовқа уақыт беру қажет,” - деді маман “Спорту День за Днём” басылымына берген сұхбатында.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып 3 маусымда тағайындалды. 61 жастағы маман Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің соңына дейін келісімшартқа қол қойып, оны тағы екі жылға ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы үш матч өткізді: бір тең нәтиже және екі жеңіліс тіркелді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52