locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Юрген Клопп «Ромаға» ауысады деген қауесеттерге нүкте қойды: Бұл - бос сөз

Футбол 23 мам 2025 23:40
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Юрген Клопп «Ромаға» ауысады деген қауесеттерге нүкте қойды: Бұл - бос сөз
ФОТО: Getty Images

«Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп жақын арада Италияның «Рома» клубын жаттықтырады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Неміс маманы мұндай әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Мен «Ромаға» бапкер болып бармаймын. Егер алдағы бір-екі жылда менің қайтадан жаттықтырушы қызметіне оралатыным туралы бір жерден оқысаңыздар - бұл бос сөз. Сіздер мұны бірінші болып айтып жеткізе аласыздар», – деп келтіреді Клопптың сөзін журналист Джеймс Пирс X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Юрген Клопп 2024 жылы «Ливерпульдің» тізгінін тапсырған болатын. Ол бұл клубты тоғыз жыл бойы басқарды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Клопп Red Bull компаниясында жаһандық футбол директоры қызметін атқарып келеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie