locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Юлия Мясникова Қазақстандағы әйелдер командаларының құрылуы туралы пікір білдірді

 ФОТО:  Getty images
Юлия Мясникова Қазақстандағы әйелдер командаларының құрылуы туралы пікір білдірді

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова ерлер клубтарының жанынан әйелдер командаларын құру жайлы жаңалыққа өз пікірін білдірді.

“Ақыры біз ерлер командаларының қамқорлығымен әйелдер командаларының құрылатын сәтін көрдік. Бұл әйелдер футболы үшін үлкен жетістік. 2019 жылдан бастап бізде дамудың жаңа кезеңі басталды: әртүрлі жастағы қыздар командалары құрылып, қыздарға арналған футбол фестивальдері өткізілді.

Ақыры сол қыздар өскен кезде, олар жоғарғы лигада ойнай алатын сәт келді, бұл олар үшін үлкен тәжірибе болады. Әрине, алғашқы уақытта жоғары орындар үшін күресу қиын болады, себебі чемпионатта чемпиондық үшін таласатын екі көшбасшы команда бар. Бірақ ештеңе етпейді, қыздар өседі және олардың бәсекеге түсе алатынына сенімдімін”, - деді Мясникова Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне.

Еске сала кетейік, 2025 жылдан бастап Қазақстан Премьер-лигасының барлық клубтары әйелдер командаларын құруға міндетті болады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie